Қоғам

Синоптиктер ауа райы күрт суытатынын айтты

© Sputnik / Мария Никитич / Медиабанкке өтуАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптик мамандар Қазақстанда ауа райының күрт суытатынын айтады

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Суық - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптик: Қазақстанда күн суытады

Синоптик мамандар Қазақстан территориясының көп бөлігінде күннің күрт суытатынын айтты.

"Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары солтүстік-батыстікімен алмасып, күн қатты суытады. Себебі, бұл ағындар Баренцев теңізі ауданынан арктикалық ауа массаларын алып келеді", — делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, мамандар күн суытпас бұрын Қара теңізден келетін циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республиканың солтүстік бөлігі арқылы өтіп, елде қалың қар жауып, батыстан қатты жел соғатынын хабарлады. Ал Қазақстанның оңтүстігінде бұл уақытта тұман мен көктайғақ болады.

 

Жаңалықтар
0