АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Бүгін таңғы сағат төртте Данэлия Төлешова елге ұшып келді. Араға бірнеше сағат салып әнші мен оның командасы журналистердің сауалдарына жауап берді. Әнші әлі де байқауды сағынып отырғанын жасырмады.
Қазақстандық өнерпаз орындаған "Өзіңе сен" әні, дәлірек графикасы "Еуровидение-2018" байқауында үздік атанды. Осы орайда, әнші жан-жақты қолдау көрсетуге тырысқан әкесіне алғыс айтты.
Байқау кезінде залда отырып, өнерпаздарды бағалаған кәсіби мамандар қазақстандық әншінің өнеріне тәнті болғандарын айтып жатыр. Сондай-ақ, "Өзіңе сен" әні бірегей аранжировкасының арқасында жоғары бағаға ие болды.
Тағы оқыңыз: Данэлия Төлешова қазақстандықтарға үндеу жасады
Жақындары байқауға дайындықтың Данэлияның көп уақытын алғанын айтып жатыр. Десе де, әнші алдын ала үй тапсырмаларын орындап, мектеп бағдарламасынан тек бір апта уақытқа қалып қойған. Ал анасы қызының аталған байқауда 6-орын алуы команданың қажырлы еңбегінің арқасы екенін айтады.
Алдағы қысқы демалыс кезінде Данэлия Украина еліне баруды жоспарлап отыр. Аталған елдегі мамандар оған бірігіп жұмыс істеуді ұсынған екен.