Қоғам

Футбол ойнайтын балалардың миы дұрыс жұмыс істемейді — зерттеу

Зерттеушілер футболда алыстан қатты жүгіріп келіп доп тебудің ми жұмысын тежейтінін айтты
Sputnik

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Ғалымдар небәрі бір маусым футбол ойнаған баланың миы дұрыс жетілмейтінін айтып дабыл қағып жатыр. Осы орайда олар бұл спорт түрінің ережесіне өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды naked-science.ru сайты. 

Ғалымдар жүкті әйелдерге неге шай ішуге болмайтынын айтты
"Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде бала бір маусым бойы футбол секілді спортқа қатысса, миындағы нейрон байланыстарының үзілу процесі тежелетіні белгілі болды. Үзілу — мидың айнымас бір бөлігі. Ми қажетсіз синапстардан арылу арқылы өзінің жұмысын айтарлықтай жақсартады", — деді Техас штаты, Далластың оңтүстік-батысындағы медицина орталығы радиология бөлімінің ғылыми қызметкері Гоутхам Кришнан Муругесан.

Зерттеу жұмысының нәтижесі қалың көпшілікке Солтүстік Америка Радиология қоғамының жыл сайынғы кездесуінде таныстырылды.

Адам миының құрылысы өте күрделі және онда көптеген нейрон бір-бірімен байланысқан. Күн сайын жаңа байланыстар түзіліп, қажет еместері үзіледі. Құдды шіріген жапырақтары түсіп қалатын ағаш секілді.

Ғалымдар футбол кезінде бас жарақаты осы процеске қаншалықты әсер ететінін анықтау үшін жүйкесі сау және ешқашан соққы алып көрмеген 60 футболшыға арнайы құрылғы кигізді. Бұл құрылғылар бас жарақатының қаншалықты күшті болғанын анықтады.

Тағы оқыңыз:

Кейін осы футболшылар 24 және 36 адамнан екі топқа бөлінді. Алғашқысы ауыр, кейінгілері керісінше аса ауыр емес соққылар алған. Олардың барлығы да маусым басталғанға дейін және кейін магниттік-резонанстық томографиядан тексеруден өтті.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде футболшы бас соққысын алып, жылдам қозғалған сайын миындағы қажетсіз нейрон байланыстарынан арылу процесі тежелетіні белгілі болды. Яғни осының салдарынан ми жұмысы айтарлықтай төмендеп кетеді. Осы орайда ғалымдар футбол ойынында алыстан қатты жүгіріп келіп топ тебуге тыйым салуды ұсынды.