Әлем

Тұрғындар артық ақша таратқан банкоматтың алдында төбелес шығарды

Техас штатының Хьюстон қаласында банкомат істен шығып, 20 доллардың орнына 100 доллар бере бастаған
Sputnik

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. АҚШ-тың Хьюстон қаласында бұзылып қалған банкомат 20 долларлық купюраның орнына 100 доллар шығарған. Бұл туралы UPI хабарлайды.

Қазақстандық жігіт ноутбуктің көмегімен банкомат тонаған

Бұл банкомат жайында хабар әлеуметтік желі арқылы тез тарап, бүкіл халық сонда ағыла бастады. Көп ұзамай жиналғандар арасында төбелес шығып, полицияның назарын аударады. Шерифтің көмекшілері келіп жеткен соң банкомат жабылды.

Bank of America мәлімдемесіне сүйенсек, құрылғының істен шығуына 100 долларлық купюраларды дұрыс жүктемеуі себеп болған. Банкомат артық ақша берген адамдардан қаржы тәркіленген жоқ, деп жазады ABC 13.