Қоғам

Қазақстандық жігіт ноутбуктің көмегімен банкомат тонаған

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуБанкомат
Банкомат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан азаматының ісі сотқа жіберілді

АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik. Қазақстандық жігіт ресейлік банкоматқа ноутбукті қосып, бір миллион рубльден астам ақша алған.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан азаматы АҚШ-та 15 жылға сотталды

Астрахань қаласы прокуратурасының мәліметінше, отыз үш жастағы Қазақстан азаматы екі миллион рубльден астам қаржы ұрламақ болғаны үшін айыпталды.

"Тергеу бойынша, айыпталушы түнде Н. Островский көшесіндегі банкоматтың корпусын ашып, арнайы бағдарламасы бар нетбугін қосып, телефон арқылы сыбайласына хабарлаған", — делінген қадағалау органының хабарламасында.

Бастапқы деректер бойынша, сыбайласы өз компьютері арқылы банкоматтың бағдарламалық қамсыздандырылуын бұғаттап, нәтижесінде ондағы ақшаның біраз бөлігін шығарып алған — бір миллион рубльден астам. Қалған соманы тонаушылар ала алмапты. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері жеткен.

Қала прокуратурасы қылмыстық істі Астрахань Кеңестік аудандық сотына жіберді.

Жаңалықтар
0