АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Үндістанның Андаман аралының тұрғындары АҚШ азаматын өлтірді. Енді оның мәйітін алып кету үшін тайпамен келісім жасауға тура келіп отыр.
Кәсіби антропологтар құқық қорғаушыларға Джон Аллен Чауды өлтірген аборигендердің алдында тыр жалаңаш шешініп, билеуге кеңес беріп отыр. Бұл туралы NDTV арнасы хабарлады.
"Тыр жалаңаш барыңыздар. Сонда ғана тіл табысып, қандай да бір келісім жасауға болады", — деп мәлімдеді мамандар.
Антропологтар аборигендердің өзге өркениетте өмір сүретінін ұмытпау керек дейді. Айтуларынша, олардың өз дүниетанымы бар және өлімге, әсіресе, бөтен адамның өліміне қатысты көзқарасы басқа көрінеді.
Сарапшылар операция дайындықты қажет ететінін мәлімдеді. Полиция қызметкерлерінің әрекеті жерлеу рәсімінің жоралғыларына ұқсау үшін оларға шешініп, құмда билеуге тура келуі әбден мүмкін. Сонда ғана аралдықтарға мәйітті қазып алуға рұқсат берілмек, деп жазды life.ru.
Айта кетейік, 26 жастағы Чау оқшауланған тайпа мекендейтін аралды көзбен көруге шешім қабылдаған, оған жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас жасау өмірге қауіпті екені ескертілген екен.