Мәдениет

Путин қазақстандық әртісті марапаттады

Марапат ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін өзара байытып, жақындастыру жолындағы жемісті еңбегі үшін берілді
Sputnik

АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Алматыдағы Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері әрі режиссері Юрий Померанцев Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен Достық орденімен марапатталды. 

Самал Еслямова түскен фильм Германияда бас жүлдені жеңіп алды
Құқықтық ақпарат интернет-порталы хабарлағандай, марапат 95 жастағы қазақстандық әртіске ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін өзара байытып, жақындастыру жолындағы жемісті еңбегі үшін берілген. 

Театр және кино әртісі Юрий Померанцев 1923 жылы 11 ақпанда Киевте дүниеге келді, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылы ауыр жараланып, Алматыға жіберіледі, себебі анасы осы қалаға эвакуацияланған болатын. Померанцевтің актерлік мансабы Алматы шаһарында басталды. 

Померанцев 11 фильмге түсті, олардың арасында "Иван Грозный", "Біздің сүйікті дәрігер", "Босату" және тағы басқа кинокартиналар бар. Сондай-ақ, театр сахнасында талай рөлді сомдаған талантты әртіс. 95 жасқа келгеніне қарамастан, өнер әлемінен қол үзген жоқ, әлі күнге дейін театр сахнасында би нөмірлерін орындайды.