АЛМАТЫ, 22 қараша — Sputnik. Алматыда жылу магистралі жарылды, бүгін құбырды жөндеп, үйлерге жылу береді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға "Алматы жылу желілері" кәсіпорыны айтты.
Апат Назарбаев және Қазыбек би көшелерінің қиылысында болған. Оқиға куәгері түсірген видео Instagram желісіндегі Autolife_almaty тобында жарияланыпты.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от 📣АВТОЛАЙФ АЛМАТЫ🇰🇿 (@autolife_almaty) 21 Ноя 2018 в 12:40 PST
Бейнежазбада асфальт астынан шыққан ыстық су фонтан сияқты атқылап жатыр. Куәгер жақын маңда көліктер барын да хабарлады.
Алматы қаласының жылу эрнергетикалық кешені және ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гиринның сөзіне сүйенсек, құбыр ескіргендіктен жарылып кеткен. Оның айтуынша, көліктерге зақым келмепті.
Жолда келе жатқан әйелді жер жұтып қойды - видео
"Құбырға 25 жыл, 1993 жылы пайдалануға берілген. Түнгі 2.30 кезінде жарылып кеткен. Зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ. Көліктерді де дер кезінде алып кеткен. Менің білуімше, ешқайсысына зақым келмеді. Басқалай ақпарат түссе, көлік иелері заң бойынша арыз жазсын, бірақ оларға ресми тіркелген ақпарат керек", - дейді Гирин.
Апат салдары түске қарай жойылады, сондықтан уақытша жылусыз қалған үйлерде, температура режимі бұзылмайды.
"Қазір ауа температурасы нөлден жоғары, үйлер 1,5 тәуліктей жылуды сақтайды. Апаттан кейінгі жөндеу жұмыстары аяқталып, жылу құбыры алмастырылған соң, мамандар үйлерге қайта жылу береді", - деп түсіндірді Ян Гирин.