Өңірлер

Көкшетауда жылу беруші кәсіпорын халықтың есебінен заңсыз пайда тапқан

© Sputnik / Владислав ВодневТиын
Тиын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Прокуратураның талабы бойынша "Көкшетау Жылу" есесін қайыру тарифін енгізді, енді қала тұрғындары жылу үшін екі есе аз төлейді

КӨКШЕТАУ, 13 қараша – Sputnik. Көкшетауда прокуратура жылу беруші ұйымның негізсіз пайда тауып келгенін анықтады, деп хабарлады облыстық қадағалау ведомствосының баспасөз қызметі.

Прокурорлық тексеру барысында "Көкшетау Жылу" кәсіпорыны 2015-2017 жылдары 1,3 миллиард теңге көлемінде негізсіз кіріс тапқан.

Жарық - Sputnik Қазақстан
Экономика
Жаңа жылдан бастап газ бен жарық арзандайды

Осыған байланысты қадағалау ведомствосы ұсыныс енгізді. Бұдан былай прокуратура талабы бойынша монополист жылу үшін  уақытша есесін қайыру тарифін енгізеді.

"1 желтоқсаннан бастап Көкшетау тұрғындары шаршы метр үшін 73,4 теңгеден төлейтін болады, бұл қазіргі тарифтен (130 теңге) екі еседей аз", — делінген мәліметте.

Бұдан бұрын қауіпсіздік кеңесі отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдегендей, ірі энергетикалық компаниялар тұтынушылардың есебінен заңсыз байып келген.

Сонымен бірге бүгін белгілі болғандай, Бақытжан Сағынтаев электр және жылумен қамту бойынша тарифтердің негізсіз өсуі мен антимонополистердің мардымсыз еңбегіне байланысты ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады.

Жаңалықтар
0