Әлем

Бішкек тұрғынының пәтерінен 10 көлік қоқыс шықты – видео

Қала тұрғынына көршілері 2015 жылдан бері арызданып келген, әйел үйді тазалауға уәде бергенмен, осы уақытқа дейін орындамаған
Sputnik

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Бішкектегі "Тазалык" мекемесінің қызметкерлері қала тұрғынының пәтерін екі күн бойы қоқыстан тазалады. Жүк көлігі қоқысты он мәрте тасыған.

Павлодарлық монополист тарифті көтеру үшін үш күн қоқыс шығармаған

Бішкек әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 қарашада Боконбаев көшесіндегі көпқабатты үй тұрғыны көршінің пәтеріндегі труба жарылғанын хабарлаған. Оны жөндеу үшін құтқару бригадасы үйдің жылуын өшіре тұруға мәжбүр болған.

Бірақ ақауды жөндеуге көп күш салуға тура келген. Өйткені бір бөлмелі пәтердегі батареялар қоқыспен көміліп қалған. Бұл пәтерде тұратын әйел әлеуметтік көмектен бас тартып келген, деп жазды centralasian.org.

Үй тұрғындары оның салақтығына 2015 жылдан бері арызданып келген, бірақ әйел үйді тазалауға уәде берсе де, оны осы уақытқа дейін орындамай келген.