Өңірлер

Павлодарлық монополист тарифті көтеру үшін үш күн қоқыс шығармаған

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуСыра бөтелкесі, архивтегі фото
Сыра бөтелкесі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Спецмашин" ЖШС соңғы бес жылдың көлемінде тарифті көтермеген. Салдарынан қаражатты үнемдемек болып, қалада қоқысқа қатысты мәселе туындаған

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Павлодарда "Спецмашин" ЖШС тарифті көтеру мақсатында үш күн бойы қоқысты шығармаған. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиын барысында белгілі болды.

Көліктік карта мен ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астананың автобустарында жолақы қашан өзгереді?

"Таңғы сағат алтыдан бастап ТҮКШ бөлімімен бірге рейд ұйымдастырылды, – деді pavlodarnews.kz-ке тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасары Елена Мешкова. – Нәтижесінде  контейнерлердің бос екені, алайда жан-жағында қоқыс шашылып жатқаны анықталған.  "Спецмашин" ЖШС мен "АК Сервис" ЖШС-ға  қатысты жергілікті полиция қызметі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505-бабы бойынша көріктендіру ережелерін бұзғаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл салды. Бүгін "Спецмашин" ЖШС-нің автобазасынан 24 машина шықты".   

ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асхат Омаров болса, қаланы көн-қоқыстан тазартуға техникалардың толық жұмылдырылмай отырғанын атап өтті. Алайда "Спецмашин" ЖШС басшысы Владислав Рудьконың айтуынша, тазалыққа жауапты кәсіпорын сәрсенбі  және жексенбі, яғни демалыс күндері 14 кезекші көлік қана шығады. Бүгін күшейтілген режимге көшіп, 24 көлік жұмыс істеуде.

Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша,  соңғы бес жылдың көлемінде "Спецмашин" ЖШС тарифті көтермеген. Салдарынан қаражатты үнемдемек болып, қалада қоқысқа қатысты мәселе болған.

1 шілдеден қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

" Аталмыш серіктестік тарифті екі есеге көтеру туралы талап  қойып отыр, –  деді Нұржан Әшімбетов. – Бұл мәселе осымен жарты жылдай қарастырылып келеді. Осыған қатысты қалалық мәслихатқа материалдар жолдаған болатынбыз. Алайда бірқатар түсініспеушілікке байланысты тұрғын үй инспекциясына кері қайтарып берген. Қазақстан бойынша облыс орталықтарындағы орташа тариф 220-240 теңгені құрайды. Сондықтан бірдей тариф болу керек. Тарифті есептеу барысында қоқыстың көлемі мен халық саны есепке алынады". 

Облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаментіне 24 мекенжай бойынша үш шағым түскен. Барлық мекенжай бойынша тексеріс жүргізіліп, материалдар прокуратураға тіркеуге жіберілген.  Тексеріс қорытындысы 10 күннен  кейін белгілі болады.

Енді Астананың автобустарында кондуктор болмайды

Жаңалықтар
0