Қоғам

Балалар қазір қысқа мәтіндер ғана оқиды - мұның қандай қаупі бар?

Қазіргі балалар ақпаратты тез табады, бірақ талдай алмайды, деген пікірде ТМД істері бойынша сарапшы
Sputnik

АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресей балалар мен жастарды ғылымға тарту бойынша тәжірибесімен бөлісе алады, деп есептейді Ресей ынтымақтастығы ТМД істері бойынша басқарма басшысы Сергей Маленко. 

Astana Hub-та өткен инноваторлар форумында сарапшы маңызды мәселеге тоқталды, оның айтуынша, қазір жастар ұзақ мәтіндерді оқымайды. 

Жасанды интеллект мемлекетті алмастыра ала ма?
"Бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желіде "Сақ болыңыз, көп әріп" деген ескерту шыға бастады. Қазақстанда қызық жағдай қалыптасып отыр. Елде Facebook пен "Вконтакте" аса танымал емес, бірақ Instagram желісін жастар көп пайдаланады. Бұл жерде жарияланатын мәтіндер үлкен емес. Балаларды тек видео арқылы ғана тартуға болады. Дегенмен, қазір мессенджердегі 2,5 минуттық ролик те ұзақ болып отыр", — деді Маленко. 

Оның айтуынша, балаларға қазір шешім қабылдау үшін 15 секунд жеткілікті. Бұл ретте сарапшы ғылыми мептептердегі балалардың саны азайып кетуі мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірді. Оның пайымдауынша, әлемді шартты түрде екі санатқа бөлуге болады. Біріншісіне ақылды желі қолданушыларын жатқызуға болады, екінші топқа ақпаратты тез табатын, бірақ оны талдай алмайтын балалар кіреді. 

"Қазақстан "Назарбаев зияткерлік мектептері" арқылы, ал Ресей Кванториум (әдемі және жақсы жабдықталған залдарда балалармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілі — ), "Сириус" орталығы арқылы шеше бастады. Бұл мәселеде ТМД аумағында тек екі ел  — Қазақстан мен Ресей ғана тәжірибесімен бөлісе алады", — деді Маленко. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар 2030 жылға дейінгі ТМД елдерінің инновациялық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаның тұжырымдамасына өз ұсыныстарын енгізді. 

Инновациялық ынтымақтастық бойынша дөңгелек үстел Ресей ынтымақтастығы федералдық агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды.