АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көпвекторлы саясатты ұстанатынын айтты.
Сәрсенбі күні дипломатиялық корпуспен кездескенде жоғары дәрежеде өткен кездесулер мен келіссөздердің нәтижесін бөлісті.
Ол Қазақстанның Қытаймен стратегиялық серіктестікті дамытуды жалғастыратынын қосты. Назарбаев Пекинге ресми іссапары кезінде мемлекеттердің саяси, экономикалық серіктестік мәселесінде ортақ келісімге келгеніне тоқталды. Сондай-ақ, елбасы қыста АҚШ президенті Дональд Трамппен Вашингтонда жолыққанын еске алды.
"Біз ХХІ ғасырда стратегиялық серіктестікті кеңейту туралы келісімге келдік. Барлығы шетінен шешіліп келеді. Әрі қарай біз экономикалық серіктестікті нығайтатын боламыз", — деді Назарбаев.
Тағы оқыңыз: Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарияланды
Елбасының пікірінше, Қазақстан үшін Орталық Азия аймағының орны маңызды. Мемлекет аймақаралық қауіпсіздік, тұрақтылық, тарихи және мәдени байланысты әрі қарай да дамытатын болады.
Ол, сондай-ақ, Қазақстанның жан-жақты диалогты дамытуды жөн көретінін айтып өтті.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық корпуспен кездесу кезінде саяси мәселелерге қатысты пікір білдірді. Ол Қазақстанның Сириядағы жағдайға байланысты саммитті Астана форматында өткізуге дайын екенін айтып, ядролық державаларды бір үстел басында бас қосуға шақырды. Бұдан өзге Назарбаев санкциялар мен сауда соғысы мәселелерін АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропа Одағы арасында қайта диалог жүргізу арқылы шешуге болатынын айтты.