Саясат

Назарбаев: Азияға жеке ұжымдық қауіпсіздік ұйымы керек

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӘскерилер
Әскерилер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Азия қауіпсіздік ұйымын құру қажеттігін мәлімдеді

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Азияда ұжымдық қауіпсіздік ұйымының қажеттілігі туындағалы тұр. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club пленарлық отырысында айтты. 

"Меніңше, Азияға жеке ұжымдық қауіпсіздік ұйымы керек. Оның пайда болуы уақыттың еншісінде деп ойлаймын. Қазір 30 мемлекет қатысып отырған Қазақстанның бастамасымен құрылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі осы аймақтағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі келешек ұйымның негізі бола алады", — деді мемлекет басшысы. 

Президент Азиядағы осы ұйымның ЕҚЫҰ-мен бірге барлық Еуразия субконтинентінде қауіпсіздік аймағын құруға көмектесетінін айтып өтті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Аstana Club отырысында - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев қырғи-қабақ соғыс кезінде қабылданған актіні жаңартуды ұсынды

"Осы идеяны жүзеге асыруға алғашқы қадам ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің консультативтік отырысын және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының қауіпсіздік жөніндегі аймақтық форумын өткізуді ұсынамын. Осы ұйымдардың хатшылықтары ұстанымдарын салыстыру мақсатында кездесіп отырар еді. Бұл ұйымдарға пікірімізді ресми түрде жеткізетін боламыз", — деп бағыттады Назарбаев. 

Сондай-ақ, ол Еуразиядағы қауіпсіздік конференциясын Astana Club базасында өткізуді ұсынды. 

"Астанада Еуразиядағы қауіпсіздік тақырыбындағы конференцияны өткізуге болатын еді. Бұл үнемі барлығын Астанада өткізгіміз келеді деген сөз емес. Өткізілетін орынды таңдау емес, осы кездесулердің өтуі маңызды. Мұны біздің Астана клуб базасында жасауға болады", — деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана Хабтың ашылуында - Sputnik Қазақстан
Саясат
Нұрсұлтан Назарбаев Astana Hub технопаркін ашты

Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен халықаралық конференциясы сияқты басқосуларды ұйымдастыру тәжірибесін ескере отырып, Астана клубының базасында Еуразиядағы қауіпсіздік жөніндегі конференция өткізуді ұсынды. 

Президент ақпараттық кеңістікті дамыту саласындағы өзара іс-қимылдың жаһандық стратегиясын әзірлеу қажеттігін атап өтті. 

Соңында мемлекет басшысы болашақ ұрпақ үшін ғаламшарды сақтау жолында барлық күш-жігерді біріктірудің маңыздылығына тоқталды. 

Халықаралық сарапшылар клубы Астана қаласында осымен төртінші рет өтіп отыр. Биыл Еуразиядан басып озуға бағытталған 10 зерттеу таныстырылды.

Жаңалықтар
0