Әлем

Картоп ауыр дертке шалдықтырады: қалай жеген зиянсыз?

Қуырылған картоп сүйікті асыңыз болса, оны аптасына екі реттен артық тұтынбаңыз
Sputnik

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Жапон ғалымдары картоп қосылған тағам қант диабетіне шалдықтыратынын анықтады.

Мұндай тағамды аптасына бірнеше рет тұтынған жағдайда сырқаттану қаупі үштен бір есе өседі. Зерттеу қорытындысымен ураиналық диетологтар да келісіп отыр, деп жазды Сегодня.

Дәрігерлер суды көп ішетін адамдар өліп кетуі мүмкін екенін ескертті

"Картоп езбесі жоғары гликемикалық көрсеткішке ие, сондықтан шынымен де қандағы қант деңгейін күрт арттырады", — дейді диетолог Яна Кравченко.

Егер қуырылған картоп сүйікті асыңыз болса, онда оны аптасына екі реттен артық тұтынбаңыз. Ал ең қауіпсізі қайнатылған немесе қабығымен қақтап пісірілген картоп.

"Картопты қабығымен жеу керек – өйткені ағзаңызға қосымша ерімейтін жасұнық (клетчатка) түседі" – деп кеңес берді диетолог. 

Ең бастысы, картоп ыстық болуы керек, сонда крахмал тезірек сіңеді. Ал картопты көкөніс қосып пісірілген ет немесе балықпен бірге жеудің зияны жоқ. Басқа көкөністер ағзадағы қант деңгейінің көтерілуіне жол бермейді.