Әлем

Дәрігерлер суды көп ішетін адамдар өліп кетуі мүмкін екенін ескертті

© PhotoСу, иллюстративнті фото
Су, иллюстративнті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зерттеушілер суды көп ішу бұрын айтылғандай, ағзаға пайдалы емес, керісінше зиянды екенін анықтады

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Дәрігерлер суды тым көп ішу денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлады Business Insider. 

Науқас, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар қатерлі ісіктің дамуын төрт есеге арттыратын факторды анықтады

Басылым адамның екі бүйрегі сағатына 800-1000 мл суды ғана өңдей алатынын жазған. Егер одан көбейіп кетсе, ағзадағы натрий теңгерімі бұзылып, проблема туындайды. 

Суға "мас болу" қан қысымын реттеуді қиындатып, ми қызметінің бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда адам комаға түсіп, тіпті өліп те кетіп жатады.

Сонымен қатар, дәрігерлер ағзадағы судың нормадан көбеюі шөл қысқан кездегімен бара-бар зиянды екенін атап өтті, ал бұл бүйрегі дімкәс адамдарға өте қауіпті.  

Ересек адамдар күніне 3-4 литр ғана су ішуі керек.  


Жаңалықтар
0