Әлем

Төтенше оқиға: АҚШ-та бір қаланың халқы түгел көшірілді

Пропан тасымалдайтын вагондар рельстен шығып кетіп, көпірден жолға құлап түскен
Sputnik

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Оқиға Байромвилл (Джорджия штаты) қаласында болды, пропан тасымалдайтын жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетіп, көпірден тасжолға құлап түсті. Билік қала тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды WMAZ-TV.

Шуда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті – оқиға орнынан видео

Төтенше оқиға 17 қарашада, жергілікті уақыт бойынша сағат жетінің кезінде (Астана уақытымен сағат 18) болған.  

Екі локомотив, 72 жүк тиелген және 69 бос вагоннан тұратын жүк пойызы тасжолдың үстіндегі көпірге келгенде 30-ға тарта вагон жолға құлаған. Рельстен шығып кеткен кейбір вагондарда пропан болғаны хабарланды. 

Өрт сөндіру қызметі бастығының мәліметінше, қала тұрғындарының барлығын дерлік эвакуациялауға тура келген. Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.