АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті.
Instagram-дағы kris_p_almaty тобында куәгердің видеосы жарияланды: бірнеше жолаушылар вагоны аударылып қалған, олардың терезесінен жолаушылар шығарылып жатыр.
Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Sputnik-ке оқиғаға қатысты ақпаратты растады.
"Қазір біздің қызметкерлер апат орнына бара жатыр. Бұл Жамбыл облысының Шу ауданында болған. №9 "Бәйтерек" пойызының үш вагоны рельстен шығып кеткен. Қазіргі таңда зардап шегушілер туралы ақпарат түсіп жатыр", — деп хабарлады ол.
Алдын ала мәлімет бойынша, видеодағы "Астана-Алматы" пойызы.