Мәдениет

"Адал сүт емген". Димаштың анасы келіні тек қазақ қызы болғанын қалайтынын айтты

Журналист әншінің анасынан ұлының шетелдік келін алып келуіне қаншалықты дайын екенін сұрады
Sputnik

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келінінің қазақ отбасынан шыққанын қалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы концертке деген дайындықтың жоспардағыдай жүріп жатқанын айтып өтті.

"Қазақстандамыз". Димаш орысша қойылған сұраққа қазақша жауап берді

Света Айтбаева Димаштың ұлттық құндылықтарды жоғары бағалайтынын және қазақы болмысының арқасында болашақ жарының де қазақ қызы болатынына сенімді екеніне тоқталды. Одан журналист "Димаштың шетелдік қызды қалыңдығым деп алып келуіне дайынсыз ба?" деп сұраған-ды.

"Әркімнің маңдайына жазылған бұйырады. Сол себепті бір жақсы жарды кездестірсе деген тілектеміз. Әркімнің көңілі әртүрлі екені сөзсіз. Дегенмен қазақы отбасында тәрбиеленген, ағайын-тумамен араласып, барлық ұлт болмысы бойына сіңген баланың көзқарасы басқаша болатын сияқты", — деп Света Айтбаева "" бағдарламасында ұлының шетелдік қызды жар етіп таңдамайтынына сенімді екенін айтып өтті.

Әрі қарай болашақ келінінің қандай болғанын қалайтынын сипаттап берді.

Тағы оқыңыз:

"Қазақта әдептілігі, көрегенділігі, тазалығы мен инабаттылығы үйлескен қызды "адал сүт емген" деп бір ауыз сөзбен сипаттайды. Әрине, осындай болса екен деген тілектеміз. Келініміздің көрегенді жердің қызы болғанын қалаймыз", — деді Света Айтбаева.