Саясат

Путин Назарбаевқа қоңырау соқты: президенттер не туралы сөйлесті?

Мемлекет басшылары Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына әзірлік барысын талқылады
Sputnik

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik.  Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Петропавл Путин мен Назарбаевты қалай қарсы алды — фото

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына әзірлік барысын талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.