Өңірлер

Қызылорда облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті

Қазақстанның оңтүстігінде теміржолдағы апаттың салдарынан үш жолаушылар пойызы кешікті
Sputnik

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik.  Қызылорда облысының Қазалы – Сексеуіл темір жол учаскесінде жүк пойызының вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Қостанай облысында пойыз апатқа ұшырады

Оқиға болған жерге қалпына келтіру пойыздары жедел жетіп, жөндеу бригадалары қарқынды жұмыс істеді. Осылайша пойыздардың кешігуін барынша азайтып, қозғалысты қалпына келтіру үшін барлық қажетті шара қабылданды. 

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. 

Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында қозғалыс араға 5 сағат 51 минут салып қалпына келтірілді. 

Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында №378 "Маңғышлақ – Алматы"; №481 "Ташкент – Самара"; №618 "Астана – Кызылорда"  жолаушылар пойыздары кешікті.

Аталған пойыздардың белгіленген пункке жеткендігін теміржол вокзалдарынан білуге болады.