Өңірлер

Қостанай облысында пойыз апатқа ұшырады

© PhotoРельс, иллюстративті фото
Рельс, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай салдарынан "Астана-Маңғыстау" бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы кешіктірілді

АCТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Қостанай облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті.

Алматыда автобус апатқа ұшырады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автобус апатқа ұшырады: 12 жолаушы ауруханада жатыр

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қыркүйекте Әулиекөл ауданында екі вагон рельстен шығып кеткен. 

"Сағат 06.45-те Қазанбасы стансасында екі вагон (саны анықталып жатыр) рельстен шығып кеткені туралы ақпарат түсті. Құрамада 53 вагон болған, барлығына қиыршық тас тиелген", — деп жазылған ТЖД хабарламасында. 

Костанайские Новости сайты апат салдарынан  "Астана-Маңғышлақ" бағытында қатынайтын № 37 жолаушылар пойызы кешіктірілгенін хабарлады. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын Қазанбасы стансасының қызметкерлері жүргізіп жатыр.


Жаңалықтар
0