АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путинге қастандық әзірлегені үшін сотталған қазақстандық Илья Пьянзин мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмайтын болды.
Самара облысы Волга аудандық сотының шешімі туралы өңірдің түзету мекемелерінде заңды қадағалау бойынша прокурор Сергей Маркеловқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.
Сот отырысында прокуратура Сергей Пьянзиннің бірнеше мәрте жазасын өтеу тәртібін бұзғанын алға тартып, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуына қарсылық білдірді.
"Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ, Пьянзин оған он күн ішінде шағым түсіруге құқығы бар", — деді Маркелов.
Қазақстандық 2013 жылы он жылға сотталған болатын. Пьянзин үш адамнан тұратын экстремистік топтың мүшесі болған – олардың екеуі Шешенстан Республикасының тумалары Адам Осмаев пен Руслан Мадаев. Олардың қылмыстық әрекеті 2012 жылы Одессадағы пәтерде қолдан жасалған бомба кездейсоқ жарылып кеткен соң тоқтатылды. Сол кезде Мадаев қаза тапты, ал Осмаев қашып кетіп, кейінірек ұсталды, бірақ адам құқығы бойынша Еуропалық сотқа арыз берген, Ресейге әлі қайтарылған жоқ.
Астана тұрғыны елшіге қастандық жасалатынын хабарлады
2013 жылы қыркүйек айында Пьянзин бұзақылық, мемлекеттік қайраткерге қастандық әзірлеу және қару мен оқ-дәрінің заңсыз айналымы үшін сотталды.