Видео

Британиялық әйел шашын өсіру үшін 20 жыл бойы жумаған – видео

Френки Клуни желі қолданушыларына өте ұзын шашты қалай күту керек екенін айтып берді
Sputnik

Ол The Daily Mail-ге берген сұхбатында бала кезінен шашты жууды жақсы көрмегенін және таныс адамының кеңесімен сол кезден бастап оны жууды доғарғанын әңгімеледі. Қазір оның сәнді шашының ұзындығы бір метр сексен сантиметрге жеткен.

Әйел банктен алған қарызын төлемес үшін шашын бояп, арықтап кеткен

"Алғашқы бірнеше ай ыңғайсыз болды, басым кірлеп, қышыды, бірақ содан кейін бәрі қалпына келді", — дейді ол.

Ол ұзын шаш шын мәнінде күрделі күтімді қажет етпейтінін атап өтті. Айтуынша, оны жиі және ұзағырақ тарап отырсаң болғаны.

Френки Клуни алты жасынан шаш өсіре бастаған, 13-ке келгенде жууды, ал 18 жасында ұшын кесуді тоқтатқан. Қазір әйел 32 жаста.

Оған қолайсыздық тудыратын жалғыз нәрсе – ұштарының шатасып қалуы. Шаштағы барлық түйінді тарқатуға әйелдің бірнеше сағат уақыты кетеді екен.