Ол The Daily Mail-ге берген сұхбатында бала кезінен шашты жууды жақсы көрмегенін және таныс адамының кеңесімен сол кезден бастап оны жууды доғарғанын әңгімеледі. Қазір оның сәнді шашының ұзындығы бір метр сексен сантиметрге жеткен.
"Алғашқы бірнеше ай ыңғайсыз болды, басым кірлеп, қышыды, бірақ содан кейін бәрі қалпына келді", — дейді ол.
Ол ұзын шаш шын мәнінде күрделі күтімді қажет етпейтінін атап өтті. Айтуынша, оны жиі және ұзағырақ тарап отырсаң болғаны.
Френки Клуни алты жасынан шаш өсіре бастаған, 13-ке келгенде жууды, ал 18 жасында ұшын кесуді тоқтатқан. Қазір әйел 32 жаста.
Оған қолайсыздық тудыратын жалғыз нәрсе – ұштарының шатасып қалуы. Шаштағы барлық түйінді тарқатуға әйелдің бірнеше сағат уақыты кетеді екен.