Қоғам

Ғалымдар Facebook-тің денсаулыққа қауіпті екенін анықтады

Сарапшылар студенттер - Facebook, Instagram және Snapchat-тың белсенді қолданушылары арасында зерттеу жүргізген
Sputnik

АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Әлеуметтік желіде көп уақыт өткізу жалғыздық сезімін тудырып, депрессияға алып келеді, деп жазады Journal of Social and Clinical Psychology.

Әлеуметтік желіде президентке аузына келгенін айтқан жігіт ұсталды
Журналда АҚШ-тағы Пенсильвания университетінің ғылыми қызметкерлері жүргізген зерттеудің қорытындысын жариялады. Экспериментке 143 студент  — Facebook, Instagram және Snapchat желісінің белсенді қолданушылары қатысқан. Жастарды екі топқа бөлген: бірінші топтағы студенттер әлеуметтік желіде бұрынғыша көп уақыт өткізеді, ал екінші топтағылар тәулігіне жарты сағаттан көп уақыт жұмсамайды. 

Үш аптадан кейін сауалнама толтырады, олар жеті көрсеткіш – әлеуметтік қолдау, ортаңнан қалып қою қорқынышы, жалғыздық, беймазалық, депрессия, өз-өзіңді бағалау және өз-өзіңді қабылдау.   

Белгілі болғандай, бірінші топтағы жастар сынақ кезінде жалғыздық пен депрессияны әлеуметтік желіде күніне жарты сағат отырғандармен салыстырғанда қаттырақ сезінген.

Кейбір сарапшылардың айтуынша, Instagram-ды ақтарып отырған адам бейсаналы түрде өзін басқалармен салыстырып, олар өзінен жақсы өмір сүретін секілді көрінеді.