ПЕТРОПАВЛ, 9 қараша — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путинге бүгін Петропавлда Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы туристік көрмеде қамшы сыйға тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қамшының (дәстүрлі қазақ қамшысы – Sputnik) қола сабы алтын және жартылай қымбат тастармен безендірілген.
Empire кәдесый компаниясы өкілдерінің айтуынша, сыйлықтың құны 8,5 мың доллар (3 миллион 160 мың теңгеден астам — Sputnik)
Қазақ үшін қамшы қайсарлық пен ерен күштің белгісі, ерлік пен ептіліктің нышаны. Бұл сыйды қонақтарға жиі тарту етеді.
Петропавлда екі ел президенттерінің қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы өтті.