АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Мемлекеттік айыптаушы Әлішер Бараев Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменов қаза болған жол апатына қатысты іс бойынша айыпталушыны екі жылға бас бостандығынан айыруды және үш жыл көлік жүргізуге тыйым салуды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жаза мерзімін белгілеу кезінде Қылмыстық кодекстің 53 пен 54-баптарында қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды қарастыру керек деп санаймын. Қылмысты алғаш рет жасап тұрғаны және өз кінәсін мойындауы жазаны жеңілдететін жайт болды. Айыптаушы тарап жазаны ауырлататын жайтты байқаған жоқ", —деп мәлімеді прокурор.
Әлішер Бараев соттан Малика Мұхитованы қылмыстық заң бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, үш жылға көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, екі жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
"Мұхитова абайсызда жасалған қылмыс үшін сотталған тұлға ретінде жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтегені жөн", — деп толықтырды ол.
Сондай-ақ прокурор кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қамауға алуға алмастыруды сұрады.
"Жалғыз немерем" Адвокат сотта Олжас Сүлейменовтің хатын оқып берді
Жарыссөз барысында зардап шеккен тараптан қаза болған мотоциклшінің ата-анасы сөйледі. Лейла Сүлейменова мен Сергей Хан мемлекеттік айыптаушының сұрауымен келісіп, сотталушының қамауға алынуын талап етті.
Айтуынша, көлікті 2012 жылдан бері жүргізеді, алты жыл ішінде бірде бір рет жол-көлік оқиғасына ұшырамаған.
Айыпталушы "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясында жұмыс істейді, тұрмыс құрмаған, бұрын сотталмаған.
24 қазанда өткен сот отырысында зардап шеккен тарап сотталушыдан 14 миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын өндіруді талап еткен еді. Алайда бүгін марқұмның отбасы ол талап-арызды қайтарып алды.