Әлем

Дәрігер науқастың бүйрегін қатерлі ісікпен шатастырып алып тастады

Жәбірленуші әйел өзіне операция жасаған дәрігерлі сотқа берді
Sputnik

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. АҚШ тұрғыны Морин Пачеко қатерлі ісікпен шатастырып бүйрегін алып тастаған дәрігерді сотқа берді, деп хабарлайды Palm Beach Post.

Дәрігерлер қателесіп науқастың сау аяғын кесіп тастады

Флоридада тұратын 51 жастағы әйелдің сынығы дұрыс бітпей, бірнеше жыл арқасы ауырып жүріпті. Ол жол апаты салдарынан жарақат алған екен.

Операция кезінде хирург Рамон Васкес тілік қана жасаудың орнына, науқастың сап-сау бүйрегін қатерлі ісікпен шатастырып, кесіп алып тастайды. Бір айдан кейін патологоанатом бүйректің сау болғанын мойындаған.

Флориданың денсаулық сақтау департаменті Васкестің атына әкімшілік шағып түсіреді. Ведомство мәлімдегендей, науқасқа диагноз дұрыс қойылмаған.

Айыпты дәрігер медициналық рұқсатнамасынан айырылып, 250 мың доллар айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін. Бұл жайтқа дейін хирургтің мансабында бірде-бір ағаттық болмапты.