Әлем

Қытай "спецназы" банкте кепілге алынған қызды қулықпен босатты – видео

Арнайы операция кадрларын "Синьхуа" ақпарат агенттігі YouTube арнасында жариялады
Sputnik

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Қытайда пышақ ұстаған қаскүнем жергілікті банктердің бірінің филиалын тонамақ болып, 19 жастағы қызды кепілге алды.

Талдықорған тұрғыны өзінің 5 жасар ұлын кепілге алды

Оқиға өткен аптада Хэнань провинциясындағы Лохэ қаласында болды.

Дереу оқиға орнына келген арнайы жасақ қызметкерлері кепілге алынған қызды құқық қорғау органдарының біріне алмасу туралы келісімге келеді. Полицей қылмыскердің көз алдында әріптесінің қолы мен аяғын байлайды, ал ол секіріп, тонаушыға барады. "Спецназ" оған жақындай бергенде, бос байланған қолын шешіп, қаруланған ер адамға ойламаған жерден тап береді.

Полиция қызметкері жеңіл-желпі жарақат алғаны хабарланды.