АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
9 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасындатады. Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Көкшетауда – көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
9 қараша күні Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің 15-20, екпіні 25 м/с дейін барады.
Қараша айына арналған ауа райы болжамы жарияланды
Өскеменде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады, қатты жел соғады.
Семейде де – қар, жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ, жел.
Ертең Қостанай облысында да ауа райы бұзылады. Бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.