Қоғам

Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда күз
Алматыда күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК болжамынша, республиканың бірнеше өңірінде бұрқасындатып, көктайғақ болады

АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
Синоптиктердің болжамынша, Астанада ертең бұрқасындатып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с дейін жетеді. 

9 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасындатады. Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Көкшетауда – көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

9 қараша күні Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің 15-20, екпіні 25 м/с дейін барады. 

Өскеменде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады, қатты жел соғады. 

Семейде де – қар, жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ, жел. 

Ертең Қостанай облысында да ауа райы бұзылады. Бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.


Жаңалықтар
0