Өңірлер

Петропавл Назарбаев пен Путинді қарсы алуға дайын ба?

Петропавл тұрғындары Қазақстан және Ресейдің президенттері келген кезде көшелерді жауып тастай ма деп алаңдайды. Жергілікті билік өкілдері қауесетті жоққа шығарып, халықты тыныштандырды: VIP-қонақтардың келуі қала жұртшылығына қолайсыздық тудырмайды
Sputnik

ПЕТРОПАВЛ, 7 қараша — Sputnik. Ертең 8 қарашада Петропавлда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы ашылады.

Назарбаев Путинді құттықтады

Мұндай ірі көлемдегі шаралар жиі өтпейтін облыс орталығы үшін бұл тарихи оқиға. Бәрі қобалжып жүр – шенеуніктер, кәсіпкерлер, журналистер, полицейлер мен арнайы қызметтер.

Қала жұртшылығы да алаңдаушылық білдірді: олар қалаға кіріп-шығу мүмкін болмай қала ма, көлік кептелісі басталып жүрмей ме, форум күні жұмысқа кешігіп қалмайиыз ма, балаларды мектепке, балабақшаға уақытылы апара аламыз ба деп уайымдайды. 

Алып-қашпа әңгімелер

Қаладағы ахуал әлеуметтік желілер мен қалалық чаттарда қызу талқыға түсіп жатыр. Әрине, түрлі қауесет те тарап кетті.

  • "Қалаға кіретін жолды жауып тастайды екен", — деп жазады қала тұрғындары skopetro тобында.
  • "Қаланың басым бөлігінде көшелерді жауып тастамақ"
  • "11 қарашаға дейін қалаға кіруге және шығуға тыйым салынғаны рас па?"
  • "Базарларды, "Рахмет", "Семейный" (қаладағы ірі супермаркеттер – Sputnik Қазақстан) – бәрін жауып тастайды. Қысқасы, адам көп жиналатын жерлер жабылады"
  • "Жұмысқа бармаймыз ба сонда? Бұл қайдан шықты? Ресми түрде еш жерде жазылмады ғой".

Саспаңыздар!

Алайда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек қала тұрғындарын сабырға шақырып, қарашаның 8-9 күндері көшелердің бәрі бірдей жабылмайтынын хабарлады.

"Көрме мен форумның басқа шаралары өтетін Оқушылар сарайы және Теннис орталығы маңындағы учаскелер жабылады. Қалған көшелер жабылмайды", — деп атап өтті Жандарбек.

1 / 2
Петропавлда заманауи теннис орталығы ашылды
2 / 2
Петропавлдағы форум аясында қос президенттің кездесуі өтетін зал

Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, қалаға кіретін жол әдеттегі режимде жұмыс істейді. 9 қарашада форум өтетін жерде Жамбыл көшесі жабылады. Басқа көшелерде көлік қозғалысына еш кедергі келмейді. Дегенмен қызметі күшейтіледі екен.

"Қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін көрші облыстардан полиция күші жұмылдырылады. Бұл — ірі қоғамдық-саяси шаралар кезінде атқарылатын қоғамдық тәртіпті сақтау шарасы. Облысқа көршілес өңірлерден 200 полиция қызметкерлері келді", — деп атап өтті ведомство.

Полицейлердің басты мақсаты — форум өткізілетін жерде қоғамдық тәртіпті қадағалау. Бұдан бөлек, көлік пен колонналарға ілесіп жүру үшін қосымша автопатруль шақырылған.