Өңірлер

Петропавл Назарбаев пен Путинді қарсы алуға дайын ба?

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуРесей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Петропавл тұрғындары Қазақстан және Ресейдің президенттері келген кезде көшелерді жауып тастай ма деп алаңдайды. Жергілікті билік өкілдері қауесетті жоққа шығарып, халықты тыныштандырды: VIP-қонақтардың келуі қала жұртшылығына қолайсыздық тудырмайды

ПЕТРОПАВЛ, 7 қараша — Sputnik. Ертең 8 қарашада Петропавлда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы ашылады.

Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Путинді құттықтады

Мұндай ірі көлемдегі шаралар жиі өтпейтін облыс орталығы үшін бұл тарихи оқиға. Бәрі қобалжып жүр – шенеуніктер, кәсіпкерлер, журналистер, полицейлер мен арнайы қызметтер.

Қала жұртшылығы да алаңдаушылық білдірді: олар қалаға кіріп-шығу мүмкін болмай қала ма, көлік кептелісі басталып жүрмей ме, форум күні жұмысқа кешігіп қалмайиыз ма, балаларды мектепке, балабақшаға уақытылы апара аламыз ба деп уайымдайды. 

Алып-қашпа әңгімелер

Қаладағы ахуал әлеуметтік желілер мен қалалық чаттарда қызу талқыға түсіп жатыр. Әрине, түрлі қауесет те тарап кетті.

  • "Қалаға кіретін жолды жауып тастайды екен", — деп жазады қала тұрғындары skopetro тобында.
  • "Қаланың басым бөлігінде көшелерді жауып тастамақ"
  • "11 қарашаға дейін қалаға кіруге және шығуға тыйым салынғаны рас па?"
  • "Базарларды, "Рахмет", "Семейный" (қаладағы ірі супермаркеттер – Sputnik Қазақстан) – бәрін жауып тастайды. Қысқасы, адам көп жиналатын жерлер жабылады"
  • "Жұмысқа бармаймыз ба сонда? Бұл қайдан шықты? Ресми түрде еш жерде жазылмады ғой".

Саспаңыздар!

Алайда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек қала тұрғындарын сабырға шақырып, қарашаның 8-9 күндері көшелердің бәрі бірдей жабылмайтынын хабарлады.

"Көрме мен форумның басқа шаралары өтетін Оқушылар сарайы және Теннис орталығы маңындағы учаскелер жабылады. Қалған көшелер жабылмайды", — деп атап өтті Жандарбек.

© Photo : пресс-служба акима СКОПетропавлда заманауи теннис орталығы ашылды
Петропавлда заманауи теннис орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан
1/2
Петропавлда заманауи теннис орталығы ашылды
© Sputnik / Елена БережнаяПетропавлдағы форум аясында қос президенттің кездесуі өтетін зал
Петропавлдағы форум аясында қос президенттің кездесуі өтетін зал - Sputnik Қазақстан
2/2
Петропавлдағы форум аясында қос президенттің кездесуі өтетін зал
1/2
Петропавлда заманауи теннис орталығы ашылды
2/2
Петропавлдағы форум аясында қос президенттің кездесуі өтетін зал

Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, қалаға кіретін жол әдеттегі режимде жұмыс істейді. 9 қарашада форум өтетін жерде Жамбыл көшесі жабылады. Басқа көшелерде көлік қозғалысына еш кедергі келмейді. Дегенмен қызметі күшейтіледі екен.

"Қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін көрші облыстардан полиция күші жұмылдырылады. Бұл — ірі қоғамдық-саяси шаралар кезінде атқарылатын қоғамдық тәртіпті сақтау шарасы. Облысқа көршілес өңірлерден 200 полиция қызметкерлері келді", — деп атап өтті ведомство.

Полицейлердің басты мақсаты — форум өткізілетін жерде қоғамдық тәртіпті қадағалау. Бұдан бөлек, көлік пен колонналарға ілесіп жүру үшін қосымша автопатруль шақырылған.

Жаңалықтар
0