Бұл оқиға Италияның батысындағы мейрамханалардың бірінде бақылау камераларына түсіп қалыпты: видеода жойқын толқын күтпеген жерден терезені шағып жіберді.
Желіде жантүршігерлік су тасқынының видеосы жарияланды
Мейрамхана қызметкерлері терезелерді іштен жауып ұстап тұруға тырысқанымен, табиғаттың алапат күшіне қарсылық көрсету мүмкін емес еді. Судың қатты ағынынан терезе әйнегінің күл-талқаны шығып, мейрамхана иесі жарақат алды, деп хабарлайды Daily Mail.
Жергілікті метеоқызметтің мәліметіне сүйенсек, бұл күні желдің жылдамдығы 150 км/сағ болған.