Видео

Жойқын толқын мейрамхананың терезесін шағып, адамдарды ағызып әкетті – видео

Жазылу
Мейрамханаға келіп соққан қатты толқын санаулы секундтарда терезелерді қиратып, адамдарды ағызып әкеткен

Бұл оқиға Италияның батысындағы мейрамханалардың бірінде бақылау камераларына түсіп қалыпты: видеода жойқын толқын күтпеген жерден терезені шағып жіберді.

Мейрамхана қызметкерлері терезелерді іштен жауып ұстап тұруға тырысқанымен, табиғаттың алапат күшіне қарсылық көрсету мүмкін емес еді. Судың қатты ағынынан терезе әйнегінің күл-талқаны шығып, мейрамхана иесі жарақат алды, деп хабарлайды Daily Mail.

Жергілікті метеоқызметтің мәліметіне сүйенсек, бұл күні желдің жылдамдығы 150 км/сағ болған.

Жаңалықтар
0