Спорт

Соңғы жекпе-жегіне дейін жеңілмеген боксшы нокауттан кейін көз жұмды

Қырық тоғыз жастағы спортшы қарсыласының жойқын соққысынан кейін комаға түскен
Sputnik

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Италиялық боксшы Кристиан Дагио жекпе-жектен кейін бірнеше күннен соң көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости. 

49 жастағы Дагио өзінің соңғы жекпе-жегін 26 қазан күні Рангситте (Таиланд) тайлық Дон Паруангке қарсы өткізді. 12-ші раундта қарсыласы бастан бірнеше жойқын соққы жасаған, салдарынан италиялық рингте есінен танып қалып, кейіннен комаға түсті.

Дагио соңғы жекпе-жегіне дейін кәсіпқой бокста 10 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Сондай-ақ ол аралас жекпе-жек және муай-таймен айналысқан.