АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Италиялық боксшы Кристиан Дагио жекпе-жектен кейін бірнеше күннен соң көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.
49 жастағы Дагио өзінің соңғы жекпе-жегін 26 қазан күні Рангситте (Таиланд) тайлық Дон Паруангке қарсы өткізді. 12-ші раундта қарсыласы бастан бірнеше жойқын соққы жасаған, салдарынан италиялық рингте есінен танып қалып, кейіннен комаға түсті.
▶ #VIDEO | Christian Daghio, siete veces campeón mundial de Muay Thai, muere tras un nocaut https://t.co/cnRdbzUqYH pic.twitter.com/YsZyhg1FHW
— La Afición (@laaficion) 5 ноября 2018 г.
Дагио соңғы жекпе-жегіне дейін кәсіпқой бокста 10 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Сондай-ақ ол аралас жекпе-жек және муай-таймен айналысқан.