Қоғам

Астанада жүздеген көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар

Жол апатына жазғы доңғалықпен жүрген автокөліктер себепші болған
Sputnik

АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Астанада қар мен көктайғақтан жол апаты жиілеп кетті. 

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
"Өткен үш тәулік ішінде Астана жолдарында 122 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 6 адам түрлі жарақат алды, қаза болғандар жоқ", — деп хабарлады елорда әкімдігі. 

Астана полициясы департаменті түсіндіргендей, жол апатының басты себебі – автокөліктердің ауа райы жағдайына дайын болмауы. Жол апатына түскен көліктер жазғы доңғалақпен жүрген. 

Бұған қоса, қала билігі мен полиция жүргізушілерге жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтауды тағы бір мәрте ескертті. 

Жаяу жүргіншілер де көктайғақ кезінде абай болғаны жөн. Мұндай жағдайларда автокөліктердің тежеу жолы ұлғаяды. Сол себепті азаматтар жолды тек рұқсат етілген жерден кесіп өткені дұрыс.