Өңірлер

Таразда өртенген қоқыс арасынан нәрестенің денесі табылды

Қоқыстан өрт шыққанға дейін жарты сағат бұрын куәгерлер сол жерде екі қызды көрген
Sputnik

АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Таразда қоқыс өртеніп, оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жапырақ арасынан жаңа туған сәбидің денесін тапты.

Көшеден сәби табылды: ақмолалық әйел жаңа туған нәрестесін өлтірді деген күдікке ілінді

Қоқыс маңында тұратын тұрғындар жалынды байқап, өрт сөндірушілерді шақырыпты, деп хабарлайды КТК.

Өрт сөндірушілер өртгенген жапырақ арасынан жаңа туған ер баланы өлі күйінде тауып алған. Куәгерлер жарты сағат бұрын қоқыс контейнерлерінің жанында екі қызды көріпті.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, нәрестенің неден шетінеп кеткенін, қала орталығында қоқысты кім өртегенін және сәбидің анасы кім екенін анықтап жатыр.