Өңірлер

Көшеден сәби табылды: ақмолалық әйел жаңа туған нәрестесін өлтірді деген күдікке ілінді

© AP Photo Сәби оянайын деп жатыр
Сәби оянайын деп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Степногорск полицейлері туған сәбиін өлтірген әйелді ұстады

КӨКШЕТАУ, 26 қазан — Sputnik. Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақмола облысында әйелге өз сәбиін өлтірді деген айып тағылып отырғанын хабарлады.

Сәби, бала ұйықтап жатыр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Несиеге бола сәбиін сатқысы келетін әйел халықты ашуландырды - видео

22 қазан күні Степногорск қаласының полицейлеріне көшеден нәресте табылғаны туралы хабар келіп түсті. Полицейлер оқиға болған жерге келіп, сәбидің өлі жатқанын көреді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірден оның анасын іздестіріп, үй-үйді аралап әйелді табады.

"26 жастағы тұрғын сәбиін өзі босанып, кейін оны аулаға алып шыққан. Қазіргі сәтте қылмыстық кодекстің 100-бабына сәйкес (Анасының жаңа туған баласын өлтіруі) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдайдың мән-жайы анықталуда", — деді полиция департаментіндегілер.

Тергеу барысында жантүршігерлік жағдайдың мән-жайын жария етуге тыйым салынды.

Тағы оқыңыз:

Осыған ұқсас жағдай Павлодар облысы Ақсу қаласында болды. Колледж студенті жақындарынан жүкті екенін жасырып, өзі босанған. Кейін шақалағын қоқысқа тастап кеткен. Сәби өлді, ал жас ана ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтар
0