АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Елордалық колледждердің бірінің студентіне Астанада және туған жері Петропавлда іздеу салынды, деп жазды Петропавловск.news.
Он сегіз жастағы Александра Сыздықова 27 қазан күні Астанадан Петропавлдағы үйіне баруы тиіс еді, алайда ол не үйінде, колледжде болмай шықты. Шұғыл үйіне кетуіне телефонының бұзылуы себеп болған. Ол сабақтан қалмай тұрып оқу орнында түсініктеме жазған, содан кейін із-түзсіз жоғалған.
Кәсіптік-техникалық колледждің жатақханасындағы бақылау камералары қыздың біреу күтіп отырғандай асығыс кетіп бара жатқанын түсіріп алған.
Жоғалған колледж студенті Александра Сыздықованың ерекше белгісі атом түріндегі татуировка болған.
Туыстары Александраны күйеуге алып қашып кеткен болуы мүмкін деп болжаған еді. Алайда олай болмай шықты. Астана полициясы қызды аман-есен тапты, оны ешкім күшпен ұстамағаны анықталды.
Колледж студенті анасына өзі хабарласқан. Қыз Щучьеде құрбысының үйінде қонақта болған.