Өңірлер

Астанада атомның татуировкасын салдырған қыз жоғалып кетті

© Photo : СС0 / Free-PhotosҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда полициясы Петропавлдағы үйіне шығып кетіп із-түзсіз жоғалған қызды іздеп тапты

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik.  Елордалық колледждердің бірінің студентіне Астанада және туған жері Петропавлда іздеу салынды, деп жазды Петропавловск.news. 

Он сегіз жастағы Александра Сыздықова 27 қазан күні Астанадан Петропавлдағы үйіне баруы тиіс еді, алайда ол не үйінде, колледжде болмай шықты. Шұғыл үйіне кетуіне телефонының бұзылуы себеп болған. Ол сабақтан қалмай тұрып оқу орнында түсініктеме жазған, содан кейін із-түзсіз жоғалған. 

© Photo : Петропавловск.newsАлександра Сыздықова
Александра Сыздықова - Sputnik Қазақстан
Александра Сыздықова
"Сашаның жігіт жоқ еді, ол тұйық қыз емес, егер біреу-міреумен көңіл жарастырса, ол туыстарына дереу айтушы еді", — дейді Александраның немере әпкесі Валерия.

Кәсіптік-техникалық колледждің жатақханасындағы бақылау камералары қыздың біреу күтіп отырғандай асығыс кетіп бара жатқанын түсіріп алған.

Әйел мен бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның шығысында үш баласымен жоғалып кеткен әйел табылды

Жоғалған колледж студенті Александра Сыздықованың ерекше белгісі атом түріндегі татуировка болған.

Туыстары Александраны күйеуге алып қашып кеткен болуы мүмкін деп болжаған еді. Алайда олай болмай шықты. Астана полициясы қызды аман-есен тапты, оны ешкім күшпен ұстамағаны анықталды.

Колледж студенті анасына өзі хабарласқан. Қыз Щучьеде құрбысының үйінде қонақта болған.   



Жаңалықтар
0