Қоғам

Министрлік Сирияда өлім жазасына кесілді деген 3 қазақстандыққа қатысты жағдайды айтты

Бұған дейін Сирияда үш қазақстандық әйел өлім жазасына кесілгені хабарланған еді
Sputnik

АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазір Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды тілшісі. 

"Қазір сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Мұндай оқиғаның болған-болмағанын анықтауымыз керек, өйткені әзірге дереккөз расталған жоқ. Бұл белгілі бір уақытты алады", — деді Смадияров апта сайынғы брифингте. 

ҰҚК: Сирия мен Ирактан елге оралған содырлардың 57-сі сотталды
Ол Сирия аумағында заңды-заңсыз жүрген қазақстандықтармен байланысты мәселелер Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне тапсырылатынын айтты. Себебі ол Қазақстанның Сириядағы елшілігі қызметін қоса атқарады. 

Еске сала кетсек, өткен аптада бірқатар БАҚ-та Сирияда үш қазақстандық әйел содырлардың қолына түсіп, өлім жазасына кесілгені хабарланған еді. Онда үш қазақстандық әйел отандастарын өлтіріп, ақшасын тартып алмақ болғаны айтылған. Қаза болғандардың арасында жеті жасар бала да бар.