АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазір Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазір сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Мұндай оқиғаның болған-болмағанын анықтауымыз керек, өйткені әзірге дереккөз расталған жоқ. Бұл белгілі бір уақытты алады", — деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Еске сала кетсек, өткен аптада бірқатар БАҚ-та Сирияда үш қазақстандық әйел содырлардың қолына түсіп, өлім жазасына кесілгені хабарланған еді. Онда үш қазақстандық әйел отандастарын өлтіріп, ақшасын тартып алмақ болғаны айтылған. Қаза болғандардың арасында жеті жасар бала да бар.
Сириядан қашып келген оралдық әйел қандай қорлық көргенін айтып берді
Сирияда жүрген қазақстандық балалардың тағдыры белгілі болды