Қоғам

Ғалымдар ұйықтап жатқанда артық майды кетіретін тағам түрін анықтады

Бұл өнім бұлшықеттерге оң әсер етіп, зат алмасуды жеделдетеді
Sputnik

АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Ұйықтар алдында сүзбе жеу семіздіктің алдын алып қана қоймай, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Бұл туралы British Journal of Nutrition журналында хабарланды.

Денсаулық сақтау министрі арықтаудың тиімді жолын айтты

Флорида штаты университетінің ғалымдары жүргізген тәжірибе барысында 20 жастан асқан қатысушылар күн сайын ұйықтардан 30-60 минут бұрын сүзбе жеген екен. Нәтижесінде бұл өнімнің бұлшықеттерге оң әсер етіп, зат алмасу процесін тездетіп, адам денсаулығын жақсартатыны анықталды.

Ғалымдардың түсіндіруінше, бұған сүзбе құрамындағы казеин себепкер, ол ағзаға біртіндеп түсіп, амин қышқылдарының тұрақты жеткізілуіне көмектеседі. Сонымен қатар өнімнің жылу эффектісін ұлғайтады, яғни асты қорыту барысында ағза көбірек энергия жұмсап, тіпті ұйықтап жатқанда да артық майды кетіреді.