АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер Boxingscene.com порталына берген сұхбатында Showtime телеарнасымен келісімшартқа қол қойып, оның клиенті америкалық Джермалл Чарломен (27-0, 21 KO) жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Sports.kz.
– Showtime телеарнасында Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізу жайлы не айтасыз? Олармен келісім жасап, оны ұйымдастыра аласыз ба?
– Жоқ. Чарломен кездесудің ешқандай мәні жоқ. Ол жекпе-жек өтпейді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) толыққанды чемпион Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) жекпе-жек өткізу құқығы үшін Головкин — Чарло іріктеу жекпе-жегін өткізуге рұқсат берген болатын. Бірақ бұл идея қос команданы да қуанта қоймады. Головкин рингке көктемде оралады, ал Чарло келесі жекпе-жегін 22 желтоқсан күні америкалық кіші Вилли Монроға (23-3, 6 КО) қарсы өткізеді.
- Аты аңызға айналған боксшы Головкинге әділетсіздік жасалғанын мәлімдеді
- "Канело" Головкинмен жекпе-жек карьерасындағы ең маңыздысы болғанын мойындады