АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Жол ережесін бұзып, полицейлерден қашқан жүргізуші бір топ адамды соғып кетті, салдарынан жас келіншек ауыр жарақат алды, деп жазады "Уральская неделя" басылымы.
Басылымның хабарлауынша, 23 қазанда түн жарымда полицейлер кейбір деректер бойынша рөлге мас күйінде отырған жас жігіттің соңына түсіп қуады. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан "ВАЗ" жүргізушісі вокзал маңындағы алаңда бір топ адамды қағып, көлікке барып соғылған.
Адамдардың арасында 26 жастағы Салтанат Атырғалиева болған, ол көлікке заттарын салып, қаладан кетпекші болып жиналып жатады. Бірақ оның жоспар бұзылды, омыртқасы сынып, басынан жарақат алған әйелге операция жасалмақ.
Келіншектің күйеуінің айтуынша, көліктен үш жігіт шыққан, екеуі қашып кетіп, полицейлер тек біреуін ғана ұстаған.