АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. 44 перзент сүйген Мариам Набатанзи әлемдегі ең көп балалы ана атанды.
Уганданың қырық жастағы тұрғыны 13 жасынан бастап босанған, деп жазды Latestly.com.
Угандалық әйел отбасын асырау үшін түрлі жолмен табыс табады. Мысалы, ол емдік шөптер сатып, үйлену тойы әшекейлерін жасайды.
"Маған Құдайдың көзі түзу, себебі олар (балалар) бір күн де аш қалған емес", — деді Мариам Набатанзи журналистерге берген сұхбатында.
Әйел күніне 10 килограмм ұн, төрт килограмм қант және үш сабын сатып алады.