Өңірлер

Бүгін ауа райы қандай болады?

27 қазанға арналған ауа райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, тек батысы мен мен солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Демалыс күндері Қазақстанда күн суытып, қар жауады

Республика бойынша кей жерлерде тұман, екпінді жел соғады. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с-ке дейін күшейеді.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с- ке дейін күшейеді.

Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада күндіз +14, түнде +8 болады, жаңбыр жауады.

Алматыда күндіз +23, түнде +12 болады.

Шымкентте қазан айының соңы болса да, әлі жаз — күндіз ауа температурасы +32, ал түнде +17 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.